trachisan.kz

Егер баланың тамағы ауырса

Статьи

Балаңыздың тамағы ауырды ма? Ауырудың өзнің кеткенін күтпеңіз, ауыруды асықындырып жібермей, емдеуді бастайтын дер кезі.

Балаңыздың тамағы ауырды ма? Ауырудың өзнің кеткенін күтпеңіз, ауыруды асықындырып жібермей, емдеуді бастайтын дер кезі.

Неге тамақ ауырады?

Тамақтың шырышты қабықшасы бактерияларға толы, жақсы иммунитет кезінде адамның денсаулығына ешбір кері әсерін тигізбейбі. Бірақ, иммунитет әлсіреген кезде, патогендік бактериялар тамақтағы жұқпаның басты себепкері болады. Баланың иммундық жүйесі температураның кенет өзгеруіне және вирустардың шабуылына организмді қорғау үшін толықтай қалыптаспаған және әбден күшеймеген. Сол себептен де кішкентай балалар ересектерге қарағанда көбірек ауырады.

Баланың тамағы ауырса не істеу керек?

Ауаның температурасына және ылғалдығына көңіл бөліңіз. Құрғақ ауа қабынған тамақтың шырышты қабықтын тітіркендіреді, тамақтағы жайсыздық пен ауыруды күшейтудің себебі болуы мүмкін. Ауаның ылғалдылығын 50-60% ұстап тұруға тырысыңыз. Ауа ылғалдырғыш немесе су құйылған ыдыс көмектеседі. Бала жатқан бөлменің температурасын ұмытпаңыз. Бөлменің температурасын 20°C ұстап тұруға тырысыңыз және бөлменің ауасын тазартып тұруды ұмытпаңыз (бала жоқ кезде)

Балаға көп мөлшерде су беріңіз. Жылы сусын ағзаның улануын жеңілдетеді. Емделу кезінде шырын мен қышқыл өнімді пайдаланбаңыз (мысалы, апельсинді, грейпфрутты және қызанақты шырынды) – олар тек қабынған тамақтағы жайсыздықты күшейте түседі. Орнына шөптердің тұнбасы және жылы шәй немесе су ішіңіз.

Тамақты 2 сағат сайын шайыңыз. Түймедақ ерітіндісімен, сәлбен немесе аздап тұздалған сумен шайсаңыз тамақтағы жұқпадан құтыла аласыз. Егер бала өздігімен тамағын шайқай алмаса онда арнайы тамаққа арналған сепкішті пайдаланыңыз.

Созылмалы тонзиллиттің жетілуіне жол бермеңіз. Егер балаңыздың тамағы жиі ауыратын болса, ауырудың өздігімен кеткенін күтпеңіз. Баспаның жиі болу себебі – баланың иммундық жүйесі жұқпаның қысымына төтеп бере алмай жатқандығынан.

Дұрыс диагноз қойып бере алатын және тиесілі емдеу курсын тағайындайтын емдеуші маманнан кеңес алыңыз.  Алдын алу шараларын сақтаныңыз және тамақтағы ауыруды асқындырып жібермеңіз.

Трахисанды сатып алу