Нұсқаулық

Құрамы:

Бір таблетканың құрамында: белсенді заттар: лидокаин гидрохлориді – 1.00 мг,  хлоргексидин диглюконаты – 1.00 мг, тиротрицин** – 0.50 мг

қосымша заттар: сорбитол, магний стеараты, бұрыш жалбызы майы.

Фармакокинетикасы:

Тиротрицин

Жергілікті қолданғанда сау теріде, зақымданған теріде немесе шырышты қабықта резорбциясы байқалмаған. Тиротрицин асқазан сөлімен пептид сияқты толығымен ыдырайтын болғандықтан, белсенді заттың дозасының қолдану режимін сақтағанда сарысуда фармакологиялық релевантты концентрациясын күтпеген жөн.

Хлоргексидин

Ауызды шайғаннан кейін Хлоргексидин тіс эмаліне, дентин, цемент, тіс пелликуласы мен шырышты қабыққа сіңіріледі. Хлоргексидиннің баяу десорбциясы сілекейде 8 сағатқа дейін (депо әсері) жүреді. Хлоргексидиннің ауыздың зақымданбаған шырышты қабығы арқылы сіңуі байқалмаған. Адамда жартылай шығарылу уақыты 4 күнді құраған.

Лидокаин гидрохлориді

Пероральді қабылдаудан кейін толық резорбцияланады, алайда, бауыр арқылы бірінші өтуінде-ақ 50% белсенділігі жойылады. Трахисанда 1 мг белсенді заттың мөлшері жүйелік әсерін  іс жүзінде жоққа шығарады.

Қолданылуы:

- ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қабыну және инфекциялық ауруларында (стоматит, гингивит, пародонтит, глоссит, тонзиллит, фарингит және қиналып жұтумен қоса жүретін басқа да жай-күйлер)

- ауыз қуысына және жұтқыншаққа жедел араласуға дейінгі және кейінгі инфекцияларлардың профилактикасында (тістердің экстракциясы, қызыл иектерді хирургиялық емдеу, тонзиллэктомия).

Қолдану тәсілі және дозалары:

Трахисан -  соруға арналған таблеткалар – әрбір 2 сағат сайын бір таблеткадан қабылдау керек. Ересектерге және 12 жастан асқан балалар үшін тәуліктік доза - 8 таблетка, 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін - 6 таблетка.

Ауру симптомдары бірнеше күннен кейін жоғалады, алайда тұрақты емдік нәтижеге қол жеткізу үшін емді тағы 2-3 күнге жалғастыру ұсынылады. Егер препаратты қолданғаннан кейін 10 күннен соң жағдай жақсармаса, дәрігермен кеңесу керек.

Жағымсыз әсерлері:

Сирек:

- әсер етуші заттарға немесе препараттың басқа компоненттеріне  аллергиялық реакциялар

- дәмнің қысқа мерзімдік өзгерулері, аз уақыттан соң, әдетте бір сағаттан соң өтіп кететін тілдің жансыздануы

- ұзақ қолданғанда ауыз қуысы гигиенасы көмегімен жоюға болатын тістердің, тіс пломбалары мен протездерінің немесе тілдің сары немесе ашық–қоңыр түске шамалы боялуы. Препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін боялу өздігінен жоғалады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар:

-препараттың кез келген ингредиентіне жоғары сезімталдық.

-ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдануы (эрозия және десквамациялық өзгерістер).

-ауыз және фарингеальді қуыстардың ашық жаралары.

-6 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі:

Қазіргі кезге дейін белгісіз.

Айрықша нұсқаулар:

1 таблетканың құрамында 691.5 мг сорбитол бар, бұл 0.057 нан бірлігіне сәйкес келеді.

Препаратты қант диабетінен зардап шегуші пациенттерге қолдануға болады. Құрамында сорбитол болуымен байланысты препаратты фруктоза жақпаушылығы бар адамдарда сақтықпен қолданылуы тиіс.

Ауыз қуысы анастезиясы кезінде еріксіз аспирация болуы мүмкін, сондықтан 12 жасқа дейінгі пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Спортшыларға сақтықпен: Трахисан жалған оң допинг-сынама көрсетуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде ана денсаулығы үшін болжамды пайдасы шаранаға және сәбиге төнетін зор қатерден артық болатын жағдайларда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Жазда тамағыңызды сақтаңыз
Тамақ ауыруын емдейтін халықтық рецепттер
Егер баланың тамағы ауырса
Топикалық антибиотиктар қалай жұмыс істейді?